(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ АҚЫСЫЗ НЕГІЗДЕ МЕНШІККЕ БЕРІЛЕТІН ОТ...

Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 497 Қаулысы

 

Осы редакция 2017 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Облыстардың әкімдіктері Қазақстан Респуликасы заңнамасының талаптарына сәйкес тізбеге енгізілген кәсіпорындарға жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы 16 мамырдағы

 № 497 қаулысымен бекітілген

 

 

Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін
отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының

 тізбесі

 

р/с №

Кәсіпорын

Инвестициялық жобаның атауы

Өңір

1

2

3

4

1

«ЕЖІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қыш кірпіш өндіру зауытын салу

Ақмола облысы

2

«Қазатомөнеркәсіп» күкірт қышқылы зауыты» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 Өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын реконструкциялау

 Ақмола облысы

3

 «АЗИЯ АВТО Қазақстан» акционерлік қоғамы

 Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автокомпоненттер өндіретін технопарк салу

 Шығыс Қазақстан облысы

4

 «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 «Беларусь-3022ДЦ. 1» тракторын құрастырып өндіру

 

 Шығыс Қазақстан

облысы

5

 «АСІО»

акционерлік қоғамы

 Цемент зауытын салу

Жамбыл облысы

 

6

«Тараз құбыр зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Полиэтиленді құбырлар және тамшылатып суаруға арналған құбырлар шығаратын зауыт салу

Жамбыл облысы

 

7

БиномСтройДеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Құрылыс материалдары комбинаты

Жамбыл облысы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.